Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің «Тұғыры биік тәуелсіз – Қазақстан» апталығы аясында «Тәуелсіздікті жырлаймын» тақырыбында колледж білім алушылар арасында мәнерлеп оқу сайысы оқытушылар Н.А.Турекулова мен Ә.М.Әділбай ұйымдастыруымен өтті.
Мақсаты:
- патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, тарихи өткен шақ пен Қазақстан халықтарының жарқын болашағы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
- өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқи білу, эмоциялық жауап дағдыларын дамыту.
Сайыс барысында білім алушылар «Тәуелсіздікті жырлаймын» тақырыбында мәнерлеп өлең оқып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Мен елімнің патриотымын» тақырыбына сол жерде өлең шығарды.
Қазақстандық ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін көрсетіп, өз болашағына батыл қадам жасайтын, елін, туған жерін сүйетін, еркіндіктің қадірін түсіне білетін саналы ұрпақ екендерін көрсетті.
Сайыстың жеңімпазы болып мейірбике бөлімінің МБ 21 «Б» тобының білім алушысы Аманжол Мадина бас жүлдеге ие болды. Барлық қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.