18 наурыз күні, «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні» қарсаңында, №1 Шымкент қалалық емханасының дәрігер-фтизиатры С.Т.Бегімқұлов және дәрігер-инфекционисті Ж.М.Полат колледж білім алушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау жоспарына сәйкес «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Дәрігерлер туберкулездің таралу жолдары, оның емі мен алдын алу шаралары туралы толық мәлімет беріп, бейнеролик пен слайдтарды білім алушыларға ұсынды.
Кездесу барысында дәрігерлер білім алушылардың бірнеше сұрақтарына жауап берді.