«7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне» орайластырылған жалпы кәсіптік және арнайы пәндер оқытушылары Г.Молдабекова, П.Ерматова, З.Абдукасымова, З.Мухамбетова және Е.Кашкинованың ұйымдастыруларымен колледжіміздің «Емдеу ісі» мамандығы «Фельдшер» біліктілігінің бітіруші курс білім алушылары арасында «Үздік фельдшер -2022» сайысы өтті.
Сайысымыздың мақсаты – қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, кәсіби біліктілігі жоғары болашақ маман иесін даярлау.
Сайыс төрт кезең бойынша өтті.
Бірінші кезеңде «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында әрбір сайысқа қатысушылар қысқаша презентацияны бейне баян арқылы қорғады.
Екінші кезең «Ой жүйрік». Бұл кезеңнің мақсаты – қатысушының клиникалық, логикалық ойлау қабілетін анықтау.
Үшінші кезең «Ұшқыр ой» – «Ішкі аурулар» пәнінен жағдаяттық есепке дұрыс болжам диагноз қою.
Төртінші кезең «Кім жүйрік» – «Ішкі аурулар» пәнінен зертханалық тексерулер нәтижесінде талдама жасау.
Сайыстың қорытындысын директордың оқу-өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары Г.Ешова жасады.
Сайыстың қорытындысы бойынша I орынды «Mediator» тобы, II орынды «Vita», III орынды «Newlife» тобы иеленді.
Сайысқа қатысушыларға колледж директоры атынан Грамота тапсырылып, білім алушылар кәсіподағы ұйымының атынан бағалы сыйлықтар табысталды.