Халықаралық ынтымақтастық Жоғары медицина колледжі қызметінің ажырамас бөлігі және халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру сапасын қамтамасыз етудегі маңызды құрал болып табылады. Қарқынды халықаралық байланыстар мен бірқатар халықаралық және отандық білім беру ұйымдары тарапынан қолдау оқу процесін халықаралық сапа стандарттарына жауап беретін заманауи бағдарламалармен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды.
Осыған байланысты колледж оқытушылары ағымдағы жылдың 11 қарашасында Якутск медициналық колледжінің 115 жылдығына арналған «Өткенді мақтан тұтамыз, болашақты құрамыз» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Біз келесі бағыттар бойынша барлығы 15 ғылыми жұмыс ұсындық:
– орта медициналық білімнің жағдайы: білім беру мекемесінің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі;
– заманауи білім беру технологиялары;
– ұрпақтар сабақтастығы.
Конференцияда колледж директоры Ғ.Әбішев және колледж әдіскері М. Жұмашев баяндама жасады.
90 жылдық тарихы бар колледж бұл мәселеге ерекше назар аударады. Колледж Халықаралық студенттік ғылыми-теориялық конференция өткізуді жоспарлап отыр, оған біздің серіктестер – Финляндия Республикасы, Ресей, Саха Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» және «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ қатысады.