Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасымен квазимемлекеттік секторы субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымы бекітілген. Комплаенс офицер – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функциясы болып табылады.
Яғни, аталған әдістемелік ұсынымға сәйкес, комплаенс офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізуі тиіс.
Жоғары медицина колледжінің комплаенс офицері Құрбанов Ерланқожа Баққожаұлы колледж білім алушыларын комплаенс қызметі мен міндеттерін таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы айтып өтті.