«Мейірбике ісіндегі білім, ғылым және практиканың үштұғырлығы» Жол картасын іске асыру мақсатында 2022 жылғы 30 наурызда «Денсаулық сақтау мамандарының ұлттық лигасы» РҚБ қауымдастығының төрайымы С.А. Катпенованың қатысуымен «Практикалық денсаулық сақтаудағы кеңейтілген практиканың мейірбикесінің рөлі» тақырыбында кездесу өтті (Нұр – Сұлтан қ.). Республикадағы мейіргер ісін одан әрі дамыту, «Gaudeamus» халықаралық білім беру Холдингі арқылы жоғары мейіргер...Толығырақ
2022 жылдың 30 наурыз күні стоматологиялық пәндер оқытушылары Б.Тлеппаев, Д.Шертаеваның ұйымдастыруымен колледжіміздің «Дантист» біліктілігінің бітіруші курс білім алушылары арасында «Үздік дантист -2022» сайысы өтті. Сайысымыздың мақсаты – қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, кәсіби біліктілігі жоғары болашақ маман иесін даярлау. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде «Ауыз қуысының гигиенасы» тақырыбында әрбір сайысқа қатысушылар қысқаша баяндамаларын...Толығырақ
29 наурыз күні І арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес «Мейіргер ісінің негіздері» пәнінің оқытушылары А.Абдан және Ф.Сырлыбайдың ұйымдастыруымен «Коронавирустық инфекциядан кейінгі оңалту шараларында мейіргердің рөлі» тақырыбында «Мейіргер ісі» мамандығының 2 курс білім алушылары арасында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – білім алушыларға коронавирустық инфекция салдарынан болған ауруларға мейіргерлік күтім мен оңалту...Толығырақ
28 наурыз күні І арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес «Мейіргер ісі» пәнінің оқытушылары К. Касимова және А.Бижанованың ұйымдастыруымен «Болашақ мейіргер құзыреттілігінің даму деңгейі» тақырыбында «Мейіргер ісі» мамандығының 3 курс білім алушылары арасында конференция өтті. Конференция мақсаты – білім алушыларға болашақ мейіргерлердің өзін-өзі кәсіби тұрғыдан тану санасын оятып, біз денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесінің...Толығырақ
25 наурыз күні І арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес «Акушерия және гинекология» пәнінің оқытушылары Д. Курбаналиева және Ж.Копбаеваның ұйымдастыруымен «Контрацепция әдістері» тақырыбында «Акушер ісі» мамандығының 2 курс білім алушылары арасында конференция өтті. Конференция мақсаты – білім алушыларға контрацепция әдістерінің түрлерін, көрсеткіштерін, әсер ету механизмін, артықшылақтары мен кемшіліктері жайында ақпарат беру. Конференция барысында...Толығырақ
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мен Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» бірлесе отырып қала аумағындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары арасында «Деструктивті діни ағымдардың ықпалын алдын-алу» мақсатында кездесулерді өткізуде. Осындай кездесу 24 наурыз күні колледжіміздің білім алушыларымен өтті. Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат...Толығырақ
18 наурыз күні, «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні» қарсаңында, №1 Шымкент қалалық емханасының дәрігер-фтизиатры С.Т.Бегімқұлов және дәрігер-инфекционисті Ж.М.Полат колледж білім алушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау жоспарына сәйкес «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Дәрігерлер туберкулездің таралу жолдары, оның емі мен алдын алу шаралары туралы толық мәлімет беріп, бейнеролик пен слайдтарды білім алушыларға ұсынды. Кездесу...Толығырақ
Колледжіміздің I арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігі жыл сайын мамандарды даярлау бойынша кәсіби жарыстар өткізеді. Сондай-ақ биыл да 2022 жылдың 17 наурызында «Үздік мейіргер – 2022» кәсіби сайысы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бітіруші топтары арасында өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – білім алушыларды даярлау сапасын бағалау және оны одан әрі жетілдіру. Кәсіби сайыстар білім алушылардың сапалы...Толығырақ
Согласно плана декады I циклового методического объединения специальных дисциплин прошла конференция среди обучающихся специальности «Сестринское дело» на тему «Реабилитация после инсульта», организованная преподавателями дисциплины «Основы сестринского дела» В. Мырзандаевой и З. Бурибековой. Цель конференции – научить обучающихся оказывать уход за больными при заболевании инсультом и мерах по ее реабилитации. Участники конференции А.Өсербай, Ж.Ануарбек и К.Өтебай...Толығырақ
I арнайы пәндер циклдік әдістемелік бірлестігінің жоспарланған онкүндігіне сәйкес арнайы пәндер оқытушылары М.Байдалиева, А.Шерхан, С.Асылбаеваның ұйымдастыруымен колледжімізде «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша II курс білім алушылары арасынан 4 топша құрылып, «Біздің таңдауымыз салауатты өмір салты» атты флэшмоб байқауы өтті. Сайыс барысында әр топша өз командаларының аты мен ұранын таныстырып, жарыстың тартымды кезеңінде қол жуу...Толығырақ
Соңғы пікірлер